ЖАЗҒЫ МЕКТЕП" » Қызылорда облысы Шиелі ауданы Досбол датқа ауылы №155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі КММ
Қызылорда облысы білім басқармасының
Шиелі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(702) 408-26-45
Есепші бөлімі:
+7(702) 408-26-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
май
2022

ЖАЗҒЫ МЕКТЕП"

Құрметті ата-аналар!   Сіздерге, " 155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі"коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2021-2022 оқу жылындағы жоспарына сәйкес,26- мамыр  17- маусым аралығында "ЖАЗҒЫ МЕКТЕП" ұйымдастырылып,мектепте 1-8,10 сынып оқушыларымен біліміндегі олқылықтарды қалпына келтіру,оқыту сапасын арттыру,сонымен қатар қызықты ойындар,эстафеталар жүргізілетіндігін хабарлаймыз."ЖАЗҒЫ МЕКТЕП"  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 26 мамырдағы &240 бұйрығына сәйкес ,әдістемелік ұсынымда көрсетілген Ережелерді басшылыққа алып жұмыс жасайды."ЖАЗҒЫ  МЕКТЕП"те білім алу кезіндегі ерекшеліктер:1.Сабакка білім алушылар еркін формада қатыса алады.                                      2.Күніне 3 сабак жүргізіледі,сабактың ұзақтығы 40 минут;                3.Білім алушылардың оқу жетістіктері бағаланбайды; 4.Сабакта шамадан тыс жүктеме берілмейді;             5.Үйге тапсырма берілмейді;                               6.Сыныптан тыс білім алушылармен түрлі физикалық жаттығулар,спорттық ойындар ,кітап оқу минуттары ,психологиялық тренингтер мен қызығушылығын арттырар ойындар..т.б жүргізіледі.