Сыңғырла күміс қоңырау » Қызылорда облысы Шиелі ауданы Досбол датқа ауылы №155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі КММ
Қызылорда облысы білім басқармасының
Шиелі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(702) 408-26-45
Есепші бөлімі:
+7(702) 408-26-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
сентябрь
2021

Сыңғырла күміс қоңырау







«№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі» КММ-інің 1-сынып оқушыларының қатысуымен “Сыңғырла күміс қоңырау” атты салтанатты жиын өткізілді. Мерекелік жиынға «Өнер» мектебінің директоры  А.Алтынбеков қатысты. Шара барысында мектеп директоры М. Бәкірова жүрек жарды тілегін айтып, салтанатты түрде “Әліппе” оқулығы тапсырылды. Мектеп ұжымы атынан «Мектепке жол» акциясы аясында 1-сынып оқушыларына оқу құралдары тарту етілді. Мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары К. Алишеваға  облыстық, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г. Абуоваға аудандық  кәсіподақ комитетінің арнайы сыйлығы мен «Құрмет грамотасы»  табыс етілді.
    2-11 сыныптар үшін Білім күніне арналған Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Тәуелсіздік жетістіктері" тақырыбында сынып сағаттары ұйымдастырылып, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тарихи мұрасын кеңінен таратып, насихаттау мақсатында Елбасы кітапханасы Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне орай арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетілді.
Ұстаздарымызды Білім күнімен құттықтай отырып, шәкірттерімізге білімнің биік шыңдарын бағындыра беріңдер демекпіз!