31
октябрь
2023
Мектептегі буллингтен қалай қорғануға болады?
Мектебімізде тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Тұтқабай Кейқуатов «Мектептегі буллингтен қалай қорғануға болады?Баланың қысым көргенін қалай байқауға болады?» баяндама оқыды.
Ата-ана баланың буллингке ұшырамауы үшін не істеуі керек?
Бірінші кезекте, кез келген ата-ана баласымен ашық және жиі сөйлесіп тұруы қажет. Буллинг тақырыбында көбірек сөйлескен жағдайда ғана баланың қысымға ұшырағанын не қатарластарынан көргенін айта алады. Мектептегі уақыты қалай өткенін, интернетте не істейтінін сұраған жөн. Тек сабақ үлгерімі емес, баланың сезімі, қатарластарымен қарым-қатынасы жайлы да сөйлесу қажет.
Ата-ана баласы үшін үлгі болуы қажет. Балаға айналадағы адамдармен қалай дұрыс қарым-қатынаста болу керегін, қысым көрген адамды қолдауды үйретсе, оның мейірімді және өзгелерді құрметтеп өсетінін ескерген жөн.
Балаңыздың қатарластары тарапынан буллингке ұшырағанын қалай байқауға болады?
Буллингке ұшыраған балалар көбіне мектепте не болып жатқанын ата-анасына айтуға қорқады. Сондықтан кез келген ата-ана баланың буллингтен зардап шеккенін байқауы керек.
Мектеп психологі Г. Манабаева буллинг туралы бейнеролик көрсетті.
#shielibilim
#bilimbolimi
#буллингтенсақтан