13
октябрь
2023
ДАУН СИНДРОМЫ ЖАЙЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

"№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі" КММ-нің арнайы маманы Айымқұлов Жалғасхан мен мектептің мейіргері Есенгелдиева Айтолқын ата-аналарға "Даун синдромы" тақырыбында бейнебаян әзірлеп, аталмыш аурудың белгілері мен онымен ауыратын балалардың қабілетін шыңдау жайлы жан-жақты ақпаратпен бөлісті.
Табиғатынан ерекше "Күннің балалары" аталатын аталмыш науқасқа шалдыққан балалар шығармашылығын дамыту да ата-аналар үшін, ұстаздар үшін, арнайы мамандар үшін үлкен жауапкершілік.