17
октябрь
2023
«Адамдық диқаншысы» деп ұстазды жайдан-жай атамаған.
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов атамыз «Адамдық диқаншысы» деп ұстазды жайдан-жай атамаған. Өйткені, ол шәкіртінің бойына білім нәрін себетін, адамгершілік дәнін егетін абзал жан. Ол-мәңгі нұрдың қызметшісі. Жас шыбықтың тамыры терең, жапырағы жайқалып, жемісі мол болуы үшін үлкен еңбек қажет, оны бағбан ұзақ күтеді. Ұстаз да осы бағбан тәрізді. Мектеп табалдырығын аттап келген күннен бүлдіршіндерді өзіне баурап алып, мейірімі мен шапағатын күн шуағындай төге жүріп, өз уақытын аямай шәкіртін бақытқа жеткізеді. Ол тек шәкіртін ғана емес, ұлтын, күллі адамзат баласын бақытқа жеткізу үшін еңбектенеді. Мұғалімдер күні қарсаңында директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Т. Кейқуатов"Ұлағатты ұстазға-ыстық ықыласпен" атты онкүндіктің іс-шара жоспары жасалып, жұмыстар жүргізілуде. Оқушылар ұстаздарға арнап құттықтау жазылған қабырға газеттерін шығарып, залды безендірді.