«ҰЛТЫМЫЗДЫҢ ҰСТАЗЫ – АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ» тақырыбы » Қызылорда облысы Шиелі ауданы Досбол датқа ауылы №155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі КММ
Қызылорда облысы білім басқармасының
Шиелі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(702) 408-26-45
Есепші бөлімі:
+7(702) 408-26-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «ҰЛТЫМЫЗДЫҢ ҰСТАЗЫ – АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ» тақырыбы
18
май
2022

«ҰЛТЫМЫЗДЫҢ ҰСТАЗЫ – АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ» тақырыбы

«№155 Д.Шыныбеков атындағы орта  мектебі» КММ-нде 10-сынып оқушыларына сынып жетекшісі Г.Манабаеваның ұйымдастыруымен "Оқуға құштар мектеп жобасы" аясында  Ахмет Байтұрсынұлының туылғанына 150 жыл толуына орай «ҰЛТЫМЫЗДЫҢ ҰСТАЗЫ – АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ» тақырыбында А. Байтұрсынов шығармаларымен  таныстырылым өтті.
Шараның мақсаты - қазақ халқының әлеуметтік, саяси, мәдени, тарихи өмірінде орны айрықша зор тұлға – Ахмет Байтұрсынұлының халықтық тәлім-тәрбиелік ойларының негізінде оқушылар бойына адамгершілік, ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді дарыту; ақын, қоғам қайраткері, педагог-ұстаздың құнды мұраларын дәріптеп, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу.
 Оқушылар ақынның шығармашылығы туралы ой бөлісіп, ақын өлеңіне жазылған әндерді орындап, жыр шумақтарын жатқа оқыды.
Оқушылармен кері байланыс жасалып, ақының шығармашылығы туралы сұрақтар қойылып, жауап алынды.
Ақынның өмірі мен шығармашылығы келер ұрпаққа мәңгілік өнеге болып қала бермек.
Қатысушы әріптестер тарапынан шараның ұйымдастырылуы жоғары өткендігі аталып, өз ризашылықтарын білдірді.