МЕНІҢ ОТАНЫМ - МЕНІҢ ОТБАСЫМ » Қызылорда облысы Шиелі ауданы Досбол датқа ауылы №155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі КММ
Қызылорда облысы білім басқармасының
Шиелі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(702) 408-26-45
Есепші бөлімі:
+7(702) 408-26-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
май
2022

МЕНІҢ ОТАНЫМ - МЕНІҢ ОТБАСЫМ

МЕНІҢ ОТАНЫМ - МЕНІҢ ОТБАСЫМ Ағымдағы жылдың мамыр айында 15 мамыр Халықаралық отбасы күніне орай бекітілген іс-шаралар жоспарға сәйкес өткізілді. «Менің Отаным – менің отбасым» тақырыбында танымдық шара өткізілді. Мақсаты – білім алушылардың отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсуге, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеуге бағыттау. Шараның ерекшелігі - қонақ ретінде аталған сыныптардың ата-аналары қатысып, ата-аналармен біріккен Отбасы құндылықтары, отбасының қалыптасқан ережелері, жеті ата ұғымдарының маңызы туралы жан-жақты насихатталды. Сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен «Отбасым – бақыт мекенім» тақырыбында видеороликтер байқауы өткізілді. Ұсынылған жұмыстарда отбасы құндылықтары, қағидаттары, бауырмалдылық, ата-әже тәрбиесінің маңыздылығы жан-жақты көрсетілді. Үздік жұмыстар сарапталып, нәтиже бойынша марапаттау жұмыстары жүргізілді. Оқушылардың қатысуымен «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында отбасында кітап оқу, талдау жұмыстары ұйымдастырылды. Сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Менің Отаным - менің отбасым», "Отбасым - бақыт мекені" тақырыптарында танымдық тәрбие сағаттары ұйымдастырылды. Мақсаты – білім алушыларға отбасы туралы түсінік беру, өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету; ойын арқылы есте сақтау қабілетін, қарым-қатынас дағдыларын дамыту; отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.