16
сентябрь
2021
ОТАН-ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ.
ОТАН-ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ.
«№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі» КММ-інде 9-13 қыркүйек күндері аралығында «15-қыркүйек-Отбасы күніне» орай «Отан отбасынан басталады» тақырыбында тәрбие сағаттары ұйымдастырылды. Аталған тақырыпты ашу мақсатында сынып жетекшілері отбасылық құндылықтар, ата-ананың бала өміріндегі алатын рөлі, бала тәрбиесі, бала өміріндегі үлкен буын ата-әжелердің тәрбиесінің орны туралы жан-жақты ақпарат берді. Білім алушылардың тақырыпқа байланысты пікірлері тыңдалып, дәстүрлі аталып өтілетін Отбасы мерекесі туралы насихаттау жұмыстары жүргізілді. Оқушылардың оқуға құштарлығын арттыру мақсатында 6-сынып жетекшісі Г. Қалдыбекова «Кітап-асыл қазына» тақырыбында тәрбие сағатын өтті. Оқушыларға бейнероликтер көрсетіліп, тақырып аясында сұрақтар қойылып, ойындар ойнатылды.










