18
май
2022
«Оқы және өзгеге сыйла» атты тақырыпта кітап оқу акциясы
Мектебіміздің 10-сынып оқушыларына сынып жетекшісі Г.Манабаева мен кітапханашы Қ.Мұстафаеваның ұйымдастыруымен «Оқы және өзгеге сыйла» атты тақырыпта кітап оқу акциясын өткізді. Кітап оқу акциясының мақсаты: кітапханадағы кітап қорын байыта отырып өзара кітап алмасу, сонымен қатар кітап оқуды насихаттау, оқуға деген қызығушылығын ояту, рухани мәдениетті көтеру. Оқушыларды кітапты сүюге, оны күтіп ұстауға тәрбиелеу, кітаптың адам өміріндегі аса маңызды рөлін түсіндіріп, оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Оқулықты күтіп ұстауға үйрету.
Іс-шараға мектептің әдебиет пәнінің мұғалімі Б.Әбдраманова қатысты.
Іс-шараны кітапханашы Қ.Мұстафаева оқушылармен сәлемдесіп және кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы қысқаша мәліметтер айттып бастады. Кітапханашы Мұстафаева Қарлығаш оқушыларға М.Әуезовтың «Абай жолы», «Қорғансыздың күні», М.Мақатаевтың «Аманат», Ә.Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар», Ж.Аймауытовтың «Ақбілек», М.Мағауинның «Шақан шері», Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» және т.б ақындардың кітаптарын оқушыларға таныстырып, оқуға ұсынды. “Кітап сыйлау”акциясында оқушылар кітапханадан өздерін қызықтырған кітаптарын оқуға алды және өздері оқыған кітаптарын қысқаша мазмұнын айтып, өзге оқушыларға оқуға сыйлады.
Қорыта келгенде іс-шара жоғары деңгейде, мазмұнды өткізіліп, акцияға белсене қатысып, оқырмандарға жаңа кітап пен қуаныш сыйлаған барлық қатысушыларға алғыс айтылды.