ҚАРТТАРЫҢ ҚАДІРЛЕГЕН ЕЛ АРДАҚТЫ. » Қызылорда облысы Шиелі ауданы Досбол датқа ауылы №155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі КММ
Қызылорда облысы білім басқармасының
Шиелі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(702) 408-26-45
Есепші бөлімі:
+7(702) 408-26-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҚАРТТАРЫҢ ҚАДІРЛЕГЕН ЕЛ АРДАҚТЫ.
20
октябрь
2022

ҚАРТТАРЫҢ ҚАДІРЛЕГЕН ЕЛ АРДАҚТЫ.

ҚАРТТАРЫҢ ҚАДІРЛЕГЕН ЕЛ АРДАҚТЫ.
«Қарты бар үйдің қазынасы бар» демекші, үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Қарияларымыздың өмірлік тәжірибелері мен ақыл-кеңестері, тәлім-тағылымдарының біз үшін орны бөлек. Себебі, олардың біздің айбынды елдің адамгершілікті ұрпағы болып өмір кешуімізге, атамекеніміздің рухани бекем, рухы асқақ елге айналуына қосқан үлестері мен еңбектері ерен. 
 1 қазан – Қарттар мерекесіне орай мектебімізде "Қарттарын қадірлеген ел ардақты" атты үлкен іс-шара өтті. Іс-шара барысында мерейлі 60 жасқа толып отырған 
 тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары К.Алишева мен кітапханашы Қ.Мұстафаеваны құттықтап, олардың еңбек жолдары туралы бейнероликтер көрсетілді. Шараға Шиелі аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Н.Палымбетова, «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалы «Атамекен» БПҰ-ның  төрайымы  Н.Шалекеева, Ақтоған Ауылдық Округі әкімдігінің маманы Гүлбарам Жүзбаева, ауылдық  әйелдер кеңесі, төрайымы Баян Нәлібаева және ардагерлеріміз қатысты.ӘШара барысында келген қонақтар мерей той иелеріне лебіз тілегін білдіріп, арнайы құттықтау хаттарын тапсырды. Ардагерлерге сый-сияпат жасалып, құрмет көрсетілді. Оқушылар әсем әнмен, би билеп, көңілдерін көтерді.
#shielibilim
#bilimbolimi