Соңғы қоңырау » Қызылорда облысы Шиелі ауданы Досбол датқа ауылы №155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі КММ
Қызылорда облысы білім басқармасының
Шиелі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(702) 408-26-45
Есепші бөлімі:
+7(702) 408-26-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
июнь
2019

Соңғы қоңырау

№155 Д. Шыныбеков атындағы орта мектепте соңғы қоңырау салтанатты жиын болып өтті. «Сәт сапар, саған жас түлек!» атты соңғы қоңырау салтанатты жиынына, аудандық оқушылар үйінің директоры Әбішов Бауыржан, Ақтоған ауылдық округі әкімдігінің бас маманы Г.Жүзбаева , ардагер ұстаздар Н.Ақпанбетова мен ақсақалдар кеңесінің төрағасы Д.Сармолдаев және ата-аналар қатысты . Жиын әнұранның асқақтата шырқалуымен басталып, оқушылардың ән жырына ұласты.Мектеп директоры М. Бәкірова 2018-2019 оқу жылындағы оқушыларды жетістіктерімен құттықтап, марапаттады. Мектеп табалдырығын аттаған 1-сынып оқушылары мектеп бітіруші жас түлектерге өздерінің ақ тілектерін арнап, жырдан шашу шашты. Қоштасу вальсін билеген түлектер жүзінде мектепке деген қимастық сезім байқалды. Жиын соңы 11- сынып оқушылары Зинабдин Нұрасыл мен Дүйсенбайқызы Қымбат және 1- сынып оқушылары Икрамов Абай мен Әбдімәлік Әминаның соңғы қоңырау соғуымен аяқталды .
Соңғы қоңырау
Соңғы қоңырау
Соңғы қоңырау
Соңғы қоңырау