«СЫР ЖҰЛДЫЗДАРЫ» ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

Облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен өңіріміздегі ерекше қабілетті жастардың шығармашылық қабілетін шыңдау, әлеуметтік белсенділігін арттыру және қолдау білдіру мақсатында «Сыр жұлдыздары» өнер фестивалі өтті. Фестивалда шексіз өнер мен талантты ұштастырған бірқатар ерекше жандар сахна төріне шығып, дүйім жұрттың алдында өз өнерлерін көрсетті.

Өнер фестивалінде облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Талғат Оспанұлы мен Қызылорда облыстық мүгедектер қоғамы ҚБ-нің төрағасы Сағатбек Қуанышбайұлы сөз алып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
- Құрметті жас достар! Құрметті ерекше жандар! Бүгін фестивальдің атын «Сыр жұлдыздары» деп атауымыздың өзі тегіннен емес. Себебі бүгін өнер көрсететін әрбір ерекше жан жұлдыз болуға әбден лайық, өнерін паш етуге толық мүмкіндігі бар. Баршаңызға табыс тілеймін, шын жеңімпаздар жеңіске жетсін!, - деді Т.Тілес.

Фестиваль барысында ерекше қамқорлық пен қолдауға мұқтаж жиырмадан астам өнерпаз «вокал», «хореография» және өлең оқу номинациялары бойынша өз өнерлерін көрсетіп, сынға түсті.

Балғындардың қабілетін жан-жақты дамытып, бойдағы өнерін қолдауға бағытталған бұл жоба жас таланттардың жарқырай түсуіне үлкен мүмкіндік берді. Фестивальде мәнерлеп оқу аталымы бойынша мектебіміздің. 9-сынып оқушысы Нәрзілда Анеля "Біз актёрміз" өлеңін нақышына келтіре мәнерлеп оқып "Алғыс хатпен марапатталды. Жеңімпаздар арнайы дипломмен, мүсінше мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.Жетекшісі мектеп психологі Гүлжанат Манабаева "Алғыс хатпен" марапатталды.
Шара соңында барлық қатысушылар фестиваль аясында арнайы дайындалған көрмені тамашалады.
#СырЖастары
#ӨнерФестивалі