13
ноябрь
2023
"Қызылша ауруына" байланысты профилактикалық түсіндірме жұмыстары
"Қызылша ауруына" байланысты профилактикалық түсіндірме жұмыстары
“№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі” КММ мектеп мейіргері - Есенгелдиева Айтолқын Бахытбекқызы 1-7 сынып оқушылары арасында «Қызылша ауруы» туралы түсіндірме жұмысын жүргізді.
Қызылша – бұл жылдам таралатын жұқпалы ауру, әсіресе, тамаққа жарымайтын, әлсіз, иммунитеті төмен немесе туберкулез ауруына шалдыққан балаларға қауіпті. Ауру адаммен байланыста немесе қасында болғаннан кейін 10 күннен соң суық тию белгілері бойынша басталады.
Ауру уақыт өткен сайын асқына түседі. Ауыз іші қабынып, ісініп, іш өтуі мүмкін. 2 немесе 3 күннен кейін ауыздың шырышты қабығында тұздың жартысындай кішкентай ақ дақтар көріне бастайды. Одан кейін 2 немесе 3 күн өткен соң құлақта және мойында, сосын бетте және денеде, ең соңында қол мен аяқта бөртпелер пайда болады. Денеге бөртпелер шыққаннан кейін баланың жағдайы әдетте жақсарады. Бөртпелер 5 күннің ішінде шығып болады.