Төтенше жағдайларға байланысты оқу-жаттығу жұмыстары » Қызылорда облысы Шиелі ауданы Досбол датқа ауылы №155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі КММ
Қызылорда облысы білім басқармасының
Шиелі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(702) 408-26-45
Есепші бөлімі:
+7(702) 408-26-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Төтенше жағдайларға байланысты оқу-жаттығу жұмыстары
26
октябрь
2022

Төтенше жағдайларға байланысты оқу-жаттығу жұмыстары

«№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2022 жылдың 
22 қазан күні сағат  11:40 –та 
 мектебімізде төтенше жағдайларға байланысты оқу-жаттығу жұмыстары өткізілді. Оқушыларға жер сілкінісі немесе су тасқыны т.б апаттық жағдайлардағы қорғаныс амалдары түсіндірілді.
     Өрт дабылы соғылған соң, жаттығу жұмыстары басталды. Барлық оқушылар мен пән мұғалімдерімен бірге сыныптарынан шығып, мектеп ауласындағы қауіпсіз аймаққа жиналды.
     Мектептің ТЖ және АҚ бастығы мектеп директоры М.Бәкірова және алғашқы әскери және технологиялық дайындық жетекшісі А.Сарсенов оқушыларға мұндай жағдайда нені білуі керек, қалай әрекет еткен жөн, өзін – өзі ұстау туралы пайдалы ақпараттармен бөлісті және төтенше жағдайдағы негізгі ережелермен таныстырды.