«Сергіту сәті» » Қызылорда облысы Шиелі ауданы Досбол датқа ауылы №155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі КММ
Қызылорда облысы білім басқармасының
Шиелі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(702) 408-26-45
Есепші бөлімі:
+7(702) 408-26-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
сентябрь
2023

«Сергіту сәті»

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 18 бұйрығымен бекітілген Орта білім беру ұйымдарында сынып жетекшілігі туралы ережесі, сондай-ақ білім беруді ұйымдарында тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруды жоспарлау бойынша ғылыми ұсыныстар негізінде әзірленген тұжырымдамаға сәйкес "№155 Д. Шыныбеков атындағы орта мектебі"КММ-інде «Тоғыз айға 9 іс шара» тақырыбында мектепішілік бұйрық шығарылып,  жоспары құрылып «Сергіту сәті» челленджі өтті. Челленджге мектебіміздің барлық сыныптары қатысты. Тұжырымдамаға сәйкес өскелең ұрпақты тәрбиелеудің ұлттық құндылықтарын қалыптастыру шеңберінде оларды өткізуге біріңғай көзқарасты қамтамасыз етуге бағытталған бұл іс –шараны  08.09.2023 күні 1-11 сыныптардың қатысуымен жоғары деңгейде өтті. Директордың  оқу жұмысы жөніндегі орынбасары  А. Дінбаева оқушыларға сергіту жаттығулардың маңызы туралы, бүгінгі сергіту жаттығулар челленджі республика бойынша жүргізіліп жатқанын айтып, түсіндірді. Дене шынықтыру пәні мұғалімдері Т. Икрамов 1-4-сынып оқушыларына,   Б. Сариев 5-9 -сынып оқушыларына, М. Молдахметов 10-11-сынып оқушыларына сергіту жаттығуларды жүргізді. Оқушылар бұл челлендге қызығушылықпен белсенді қатысты.
Челлендждің мақсаты – білім алушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау.
#денешынықтыруминуты
#менспорттытаңдаймын
#сергітусәті
#физкультминутка
#явыбираюспорт
#155mektep
#Bilimbolimi
#Shielibilim
#Bilimkzo
#сергітужаттығуларчелленджі