"Люби, цени и изучай русский язык!" тақырыбыында орыс тілі апталығы өтті » Қызылорда облысы Шиелі ауданы Досбол датқа ауылы №155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі КММ
Қызылорда облысы білім басқармасының
Шиелі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(702) 408-26-45
Есепші бөлімі:
+7(702) 408-26-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Люби, цени и изучай русский язык!" тақырыбыында орыс тілі апталығы өтті
16
ноябрь
2022

"Люби, цени и изучай русский язык!" тақырыбыында орыс тілі апталығы өтті

"№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі" КММ-інде оқу ісі жөніндегі орынбасар А.Дінбаеваның басқаруымен 8.11.-15.11.2022 аралығында "Люби, цени и изучай русский язык!" тақырыбыында орыс тілі апталығы өтті. Апталық барысында 5- 11 сыныптар арасында  пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен сыныптан тыс бірнеше іс-шара өткізілді. 
    9 қараша күні  7 а және 7 б сынып оқушылары  арасында пән мұғалімі Г. Абуованың ұйымдастыруымен "Орыс тілі еліне саяхат"интелектуалды  ойыны ойналып, оқушылар саяхатты  Лексика аралынан бастап, Морфология теңізіне түсіп, Орфография орманына  дейін жетті. Ойын ніәтижесінде білгірлігі мен шапшаңдығының арқасында 7а сыныбы жеңіске жетті. 
    Қарашаның 10 ы кұні пән мұғалімі Г.Абуованың бастамасымен  ,6 сынып оқушылары арасында өткізілген  "Сәттілік шеңбері" викторина -ойынында әр түрі деңгейдегі сұрақтарды таңдай отырып , өздері жауап берді, нәтижесінде  сыныптың серілері сараланды,.
   Қарашаның 11-күні пән мұғалімі Г.Абуованың ұйымдастыруымен  8-9 сынып оқушылары арасында өткізілген  "Орыс тілінің білгірлері"сайысында балалар  грамматикалық есептер шығарып, аударылған сөздер құрастырып, жұмбақтар шешіп, өлең жолдарынан автор мен шығарма атауларын тауып , қызықты әрі тартысты сайыс өткізді. Бұл шара 9 -сынып оқушыларының жеңісімен аяқталды. 
    Сонымен қатар пін мұғалімдері Г.Абуова мен Г.Абилова оқушылардың арасында бір сәттік Қызықты грамматика Поэзия кезеңі, Сөздер құрастыру ,Ребус шешу секілді ойындар да ұйымдастырды.
15 қарашада апталық мәресіне жетіп, іс- шараларға қатысып, сыныптарының намысын қорғаған белсінділер "Ең білімді сынып",  "Ең ұйымшыл сынып",  "Ең бесенді сынып " номинацияларымен  марапатталды