СЕРІКТЕС МЕКТЕПТЕР АРАСЫНДА "SMART ПЕДАГОГ-2022" БАЙҚАУЫ » Қызылорда облысы Шиелі ауданы Досбол датқа ауылы №155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі КММ
Қызылорда облысы білім басқармасының
Шиелі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(702) 408-26-45
Есепші бөлімі:
+7(702) 408-26-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » СЕРІКТЕС МЕКТЕПТЕР АРАСЫНДА "SMART ПЕДАГОГ-2022" БАЙҚАУЫ
19
май
2022

СЕРІКТЕС МЕКТЕПТЕР АРАСЫНДА "SMART ПЕДАГОГ-2022" БАЙҚАУЫ

СЕРІКТЕС МЕКТЕПТЕР АРАСЫНДА "SMART ПЕДАГОГ-2022" БАЙҚАУЫ ӨТКІЗІЛДІ
🌟 Мектебімізде аудандағы "SMART-МАГНИТ" №47. 49. 149. 158. 155, 251. 151 серіктес мектептер қоғамдастығының жылдық жоспары сәйкес, "SMART ПЕДАГОГ-2022" байқауы өткізілді. 
🌟 Байқаудың шарттары:
1. Өзін-өзі таныстыру  (педагог өзін-өзі таныстырады)  
2. "Менің смарт әдіс - тәсілім" (сабақ үдерісінде пайдаланып жүрген әдіс-тәсілдерімен бөліседі) 
3. Педагогикалық жағдаят (ситуациялық сұрақтар)
4. "Мен ұсынар кітап"  ( READx форматындағы оқыған кітабын ұсыну)     
🌟 Қатысушы педагогтар:
№ 251 мектеп тарих және дінтану пән мұғалімі Мыңбаев Мейрамхан Қаржаубайұлы
№49 мектеп ағылшын тілі пән мұғалімі Байжанова Әсел Бақытқызы
№47 мектеп-лицей орыс тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Сәкентаева Гүлбану Маратқызы 
№151 мектеп химия және биология пән мұғалімі Қожантаев Жасұлан Ғабитұлы
№155 мектеп география пән мұғалімі Бәкір Перизат Серікқызы
№158 мектеп бастауыш сынып мұғалімі Ахметова Ақтілек Рысбайқызы 
№149 мектеп ағылшын тілі пән мұғалімі Тұрлыбек Нұрғиса Мақсатұлы 
🌟 Байқау қорытындысына сәйкес, №149 орта мектептің ағылшын тілі пән мұғалімі Нұрғиса "Smart педагог-2022" байқауының бас жүлде иегері атанса, басқа қатысушылар жүлделі орындарға ие болды. 
🎊 Байқауды ұйымдастырған №155 орта мектеп директоры БӘКІРОВА МАДИНА АСАНБЕКҚЫЗЫ мен мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары ДІНБАЕВА АЙГҮЛ СЕГІЗБАЙҚЫЗЫна сайысқа қатысушылар алғыс айта отырып, мектеп ұжым ұстаздарына шығармашылық шабыт пен табыс тіледі.









и ещё 7