«Қатыгездіксіз және зорлық зомбылықсыз балалық шақ» атты іс-шара » Қызылорда облысы Шиелі ауданы Досбол датқа ауылы №155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі КММ
Қызылорда облысы білім басқармасының
Шиелі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(702) 408-26-45
Есепші бөлімі:
+7(702) 408-26-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қатыгездіксіз және зорлық зомбылықсыз балалық шақ» атты іс-шара
16
ноябрь
2022

«Қатыгездіксіз және зорлық зомбылықсыз балалық шақ» атты іс-шара

"№155.Д.Шыныбеков  атындағы  орта  мектебі"" КММ-інде «Қатыгездіксіз және  зорлық зомбылықсыз
балалық  шақ»  атты іс-шара өтті.7-9 сыныптар  аралығында  8  сынып    жектекшісі    П.Бәкірдің    ұйымдастыруымен  «Балалық  шақ-зорлық зомбылықсыз»   тақырыбында   тәрбиелік  шара  өткізді.  Бұл  шарада  оқушыларға  зорлық-зомбылық  туралы  мағлұмат  беріліп,,  адамның жаны  мен  тәніне  үлкен  зардап  әкелетін  соққы  екенін түсіндірді.   Зорлыққа   қарсы  біздің елімізде   заң  бар  екені  айтылды.  
Тәрбие  жөніндегі  орынбасары  К.Әлішева  1-10  сыныптар  аралығында  «Бала құқығы –адам құқығы » тақырыбында  «Зорлық-зомбылықсыз  балалық  шақ»  тақырыптарында    баяндама  оқыды.
Бала  тәрбиесінде  тәрбиелілікке  жетудің  жолы-еңбекке,  әдептілікке,  инабаттылыққа, адамшылыққа,  қайырымдылыққа  үйрету  керектігін  айтты.
4-сынып  жетекшісі  С. Махантаеваның   ұйымдастыруымен  «Отбасындағы  зорлық-зомбылыққа  жол  жоқ!»  тәрбиелік  шара    өткізілді.   Қазіргі  кездегі  балалар  және  үлкендердің  де  отбасындағы  зорлық-зомбылықтың  алдын алу тақырыбында  түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сабақтың  формасы  ойын-жаттығу  түрінде  өтті.
А.Урманова мен С. Тәжімбетованың ұйымдастыруымен  «Отбасында  зорлық-  зомбылыққа  жол  жоқ»  тақырыбында   оқушыларымен  тәрбиелік шара өткізді.   Бұл шара  барысында   оқушылар мен  ата-аналар  арасында  тренинг  ұйымдастырылды.