24
ноябрь
2022
"Оқуға құштар мектеп"
"N155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі" КММ -нде "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Кітаппен өткен демалыс күнім қызықты" кітап оқу акциясы бойынша каникул уақытында оқушылардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында 3-сыныбының жетекшісі У. Исабекова ұйымдастырды. Кітап оқу мақсаты: жас ұрпаққа әлем және қазақ халықтарының озық көркем шығармаларын насихаттау және патриоттық тәрбие беру болып табылады. Оқушылар каникул уақытында бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында мектеп кітапханасы және ауыл кітапханасымен тығыз байланыста болып, кітап оқуға деген құштарлықтарын көрсетіп отырды. Оқушылар кітапты бауырларымен, ата- аналарымен бірлесіп оқыды. Каникул кезіндегі бос уақытын тиімді пайдалана білген, кітапқа деген құштарлығын, ұйымшылдықтарын көрсеткен отбасылар болды. Кітап оқу - оқушының ой - өрісін дамытып, сөздік қорын байытатынын оқушылар түсінді.