
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Мемлекет басшысы тағайындаған «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына конкурс басталғаны туралы хабарлайды.
2023 жылы «Тәуелсіздік ұрпақтары» бойынша 3 млн. теңгеден 30 грант берілетін болады.

Мақсат – белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын мемлекет тарапынан қолдау.
Конкурсқа Қазақстан Республикасының 14-35 жас аралығындағы азаматтары үміткер бола алады.

Гранттар 5 бағыт бойынша беріледі:
- «Ғылым»
- «Мәдениет»
-«Ақпараттық технологиялар»
- «Бизнес»
- «Медиа»

Үміткерлердің конкурстық өтінімдері ағымдағы жылғы 26 қыркүйектен – 26 қарашаға дейін электрондық нұсқада t.urpaktary2023@gmail.com поштасы арқылы қабылданады.

Байланыс нөмірі: 8 (7172) 74-12-78.
Толығырақ ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми сайтында.