Бәкірова Мадина Асанбекқызы

Өмірбаян
Бәкірова Мадина Асанбекқызы 1964 жыл 14 наурызда Шиелі ауданындағы Бала би ауылында дүниеге келген. 1970 жыл осы ауылдағы №50 Абай атындағы орта мектептің 1 сыныбына қабылданып, 1980 жыл бітірген. Осы жылы Қызылорда қаласындағы Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық институтының жаратылыстану факультетіне оқуға түсіп, 1986 жыл химия және биология пәні мұғалімі мамандығы бойынша диплом алған.
1986 жылдың тамызында Шиелі ауданы Алмалы ауылындағы №181 орта мектепке химия пәні мұғалімі болып жұмысқа орналасады.
2001 жылдан бастап мектеп директорының орынбасары, 2004 жылдан 2008 жылға дейін Шиелі ауданы Алғабас ауылындағы №157 Б.Пәрімбетов атындағы орта мектеп директоры, 2008 – 2012 жылдары №181 орта мектеп директоры, 2012 жылдан бастап Добсол би ауылындағы №155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектеп директоры қызметін атқарып келеді.
Отбасылы жағдайы: 3 бала, 5 немере тәрбиелеп отырған ардақты ана, сүйікті әже