Іс-шаралар » Страница 6 » Қызылорда облысы Шиелі ауданы Досбол датқа ауылы №155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі КММ
Қызылорда облысы білім басқармасының
Шиелі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(702) 408-26-45
Есепші бөлімі:
+7(702) 408-26-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
Экологиялық ашық сабақ
13
октябрь
2019
Экологиялық ашық сабақ
№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебінде 2019 жылдың 3 қазан күні сағат 10:00-де Экологиялық ашық сабақ өтті. Ауыл әкімі Е.Ахметов пен мектеп директоры М.Бәкірова сөз сөйлеп, оқушыларға тазалық туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Іс – шараның мақсаты: өсіп келе жатқан ұрпақты табиғи ресурстарға ұқыпты қарауға тарту, табиғи ресурстарына қатысты экологиялық тұрғыдан саналылықты тәрбиелеу, нақты айтқанда: суға ұқыптылықпен қарау, ауаны сақтау, жерді ластанудан сақтау. Оқушылармен бірге ауыл
"Ұстаздарды ұлықтау"
13
октябрь
2019
"Ұстаздарды ұлықтау"
№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебінде 2019 жылдың 2 қазан күні "Ұстаздарды ұлықтау" мақсатында 9а -9б сынып оқушылары сынып жетекшілері Б.Сариев пен М.Жүсіпбекова таңертең ұстаздарды "Ұстазым" әнімен күтіп алып, құттықтады. Үлкен үзілісте ұстаздарды үш тілде 9а-9б сынып оқушылары құттықтап, ұстаздармен қосылып "Ұстазым " әнін шырқады,өлең-жыр шумақтарын оқыды.        
"Ұстаздарға мың алғыс" құттықтау
13
октябрь
2019
"Ұстаздарға мың алғыс" құттықтау
№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебінде 1 қазан күні екінші ауысымдағы ұстаздарды Г.Сүйрікбаева жетекшілік ететін 6-сынып оқушылары "Ұстаздарға мың алғыс" деген жазулары бар плакаттар, гүлдер, шарлар, құттықтау сөздер, ұстаздарға арнап жүректерінен шыққан өлең жолдарын тарту етті.          
Мұғалімдерде құттықтау
13
октябрь
2019
Мұғалімдерде құттықтау
№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебінде 2019 жылдың 1-қазанында таңертең Г. Ахаева жетекшілік ететін 7-сынып оқушылары ұстаздарды шар, гүлдермен,құттықтау хаттармен ұстаздар туралы әндер айтып қарсы алды. Оқушылардың жүректерінен шыққан құттықтаулары мұғалімдердің жүрегін тебірентті.      
"Қарттарын қадірлеген ел ардақты" атты салтанатты іс-шара өтті.
13
октябрь
2019
"Қарттарын қадірлеген ел ардақты" атты салтанатты іс-шара өтті.
№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебінде 2019 жылдың 1-қазанында "Қарттарын қадірлеген ел ардақты" атты салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараға ардагер ұстаздар шақырылып, сый-құрмет көрсетілді. Оқушылар ардагерлерге арнап, өлеңдер оқып, әндер шырқады. Ардагерлер ризашылық білдіріп, алғыстарын жаудырды.              
«Ұстазға тағзым» апталығы өтуде
11
октябрь
2019
«Ұстазға тағзым» апталығы өтуде
№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебінде «Ұстазға тағзым» апталығы өтуде. Бүгін 8-сынып оқушылары «Ұстазым» әнін хормен шырқап, мектеп ұстаздарына арнаған өз жүректерінен шыққан жырларын оқыды.
"Бжб мен Тжб жасау әдістемесін үйренеміз" тақырыбында курстық сабақтар өткізілуде.
11
октябрь
2019
"Бжб мен Тжб жасау әдістемесін үйренеміз" тақырыбында курстық
№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебінде мектеп тренері Г. Абуова "Бжб мен Тжб жасау әдістемесін үйренеміз" тақырыбында курстық сабақтар өткізілуде.          
Сенбілік жұмыстары жүргізілуде.
11
октябрь
2019
Сенбілік жұмыстары жүргізілуде.
№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебінде 2019 жылдың 7-қыркүйегінен бастап 7-қарашасына дейін көркейту көгалдандыру тазалыққа байланысты әр аптаның сенбі күні сенбілік жұмыстары жүргізілуде.          
қамқоршылық кеңестің отырысы өтті.
09
октябрь
2019
қамқоршылық кеңестің отырысы өтті.
№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебінде 2019 жылдың 29 қыркүйекте қамқоршылық кеңестің отырысы өтті. Кеңесте мектеп директоры М. Бәкірованың жылдық жұмыс есебі тыңдалды.        
« Тіл-тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты тіл мерекесі өтуде
09
октябрь
2019
« Тіл-тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты тіл мерекесі өтуде
№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебінде « Тіл-тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты тіл мерекесі өтуде. Осы мереке аясында ағылшын тілі пәні мұғалімі 1-3-сынып оқушыларына Г. Ізбасар сайыс өткізді. Оқушылар сайысқа белсене қатысты. Ағылшын тілінде ойындар ойнатты. Сөздік аудармалар жасап жаттықтырды.Сайыс үш тілде өткізілді. Осы мереке аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі С. Маханбетова 8-сынып оқушыларымен «Абай-дана, Абай-дара» тақырыбында кеш өтті.