22
сентябрь
2021
«Балалар электр жарақаттары және олардың алдын алу» туралы оқушыларға бейнеролик көрсетті.
«№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі» КММ-інің 7-сынып жетекшісі П. Бәкір Қазақстан Республикасының «Электр энергетикасы туралы» Заңының 9-1-бабы 1 тармағына сәйкес, электр тоғының қауіптілігі тақырыбында сыныптан тыс сабақ өткізді. «Балалар электр жарақаттары және олардың алдын алу» туралы оқушыларға бейнеролик көрсетті. Оқушыларға электр жарақатынан балалар жарақаттануының алдын алу туралы түсіндірді. Оқушылар белсенділік танытып, қызығушылықпен қатысты. 





