13
декабрь
2021
"Өнерім саған, Тәуелсіз елім!" атты іс шарасы
«№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі» КММ-інде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында "Өнерім саған, Тәуелсіз елім!" атты іс шарасы жоспарына сәйкес химия пәні мұғалімі М. Бәкірова «Білгір химик-2021» тақырыбында 8-10- сыныптар аралығында командалық сайыс өткізді. Оқушылар химия пәнінен "Лездік сұрақтарға" жауап беруде белсенділік танытты. "Зерек болсаң, шешіп көр!" бөлімінде оқушылар химия пәніне қатысты сұрақтарға жауап беріп, сөзжұмбақ шешті. "Химия-сараман" бөлімінде сарамандық жұмыс түрлеріне талдау жасады. Көрермендермен химия мен өмірге байланысты викториналық сұрақтар ойнатылды.Сыныптан тыс жұмыс өте қызықты өтті.