Ақпарат » Страница 5 » Қызылорда облысы Шиелі ауданы Досбол датқа ауылы №155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі КММ
Қызылорда облысы білім басқармасының
Шиелі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(702) 408-26-45
Есепші бөлімі:
+7(702) 408-26-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Атамекен» тақырыбында диктант
26
октябрь
2022
«Атамекен» тақырыбында диктант
 АТАМЕКЕН       25 қазан  - Республика күніне орай білім алушылар өз бойларындағы елге деген сүйіспеншілік қасиеттерін дамыту, ұлттық мерекенің маңызы мен міндетін ұғыну мақсатында «Атамекен» тақырыбында диктант жазды. Жазба жұмысына қойылған талаптарды толық орындаған білім алушылардың жұмыстары үлгі ретінде көрсетілді.   Тәрбиелік мәні зор мәтін мазмұнының ерекшелігі туралы білім алушылар жан-жақты пікір алмасты. #SHIELIBILIM #BILIMBOLIMI #республикакүні #ұлттықмереке
"Жемқорлықсыз қоғамға қадам" дөңгелек үстел
26
октябрь
2022
"Жемқорлықсыз қоғамға қадам" дөңгелек үстел
155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебінде  2022-2023оқу жылының 19 қазан күні Қадырбек Бағзаттың ұйымдастыруымен 9-10сынып оқушыларының арасында  "Жемқорлықсыз қоғамға қадам" дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің мақсаты: “Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру. Қоғамдық қасіретке әкелетін бұл материалдық құндылықтар дағдарысынан шығу және оны жою дұрыс әрекет етуден туындайтынын ұғындыру.  Оқушылардың бойында сыбайлас жемқорлыққа
Қыран елім-Қазақстаным!" патриоттық сурет салу акциясы
26
октябрь
2022
Қыран елім-Қазақстаным!" патриоттық сурет салу акциясы
"Қыран елім-Қазақстаным!" патриоттық сурет салу акциясы Қызылорда облысының білім басқармасының "Дарын" облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен өткізіліп жатқан "Қыран елім-Қазақстаным!" тақырыбындағы патриоттық сурет салу акциясына қатысушы Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, №155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебінің  4- сынып оқушысы  Маханбетхан Ақзере Жетекшісі: Манабаева Гүлжанат Сыр Дарыны  #syrdaryny #Республикакүні #суретсалуакциясы #қазақстанбалаларкөзімен
"Алтын күз" мерекесі
22
октябрь
2022
"Алтын күз" мерекесі
Мектебімізде жоғары сыныптар арасында "Алтын күз" мерекесі өтті Оқушылар көріністер көрсетіп, ән айтып , би биледі.
Мектебімізде "Алтын күз" мерекесі
22
октябрь
2022
Мектебімізде "Алтын күз" мерекесі
Мектебімізде "Алтын күз" мерекесіне орай бастауыш сынып оқушылары арасында жәрмеңке өткізілді. Оқушылар жәрмеңкеге түрлі заттар әкеліп, қызығушылықпен сатты.
«Оқуға  құштар  мектеп»  жобасы
22
октябрь
2022
«Оқуға құштар мектеп» жобасы
«№155 Д.Шыныбеков атындағы орта  мектебі» КММ-нде «Оқуға  құштар  мектеп»  жобасы аясында   7 "Б"-сынып жетекшісі  М.Жүсіпбекованың  ұйымдастыруымен "Кітап оқып, көп білуге ұмтыл!" тақырыбында кітап оқу акциясы өтті. Бейімбет Майлиннің "Шұғаның белгісі" шығармасын сынып оқушылары Наурызбай Әлімжан, Мұхамеджанова Жансая, Тәшімова Іңкар оқып, мазмұнымен  таныстырды. Шығарманың мазмұны бойынша оқушылар бір-біріне сұрақтар қойып,  сұрақтарға қызығушылықпен белсене жауап берді.
"Көңілді үзілістің" кезекті саны
22
октябрь
2022
"Көңілді үзілістің" кезекті саны
"N155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі" КММ-сіндегі "Өзін-өзі басқару" ұйымының, Мектеп парламентінің ұйымдастыруымен өткізіліп жатқан "Көңілді үзілістің" кезекті саны парламент мүшелерінің алғашқы I тобына бұйырып, қызықты ойын ұйымдастырылды.  Ойынның мақсаты: оқушылардың бірлесе жұмыс жасауы. Ойын ережесі бойынша оқушылар айнала билеп жүріп, ұйымдастырушы көрсеткен сан бойынша бірігу болатын. Ойын жеңімпаздары 10 сынып оқушысы Әділет және 6 сынып оқушысы Бейбіт деп танылды.
"Еңбек пен спорт- адамды қабілетті ететін күш" атты апталық
20
октябрь
2022
"Еңбек пен спорт- адамды қабілетті ететін күш" атты апталық
"Еңбек пен спорт- адамды қабілетті ететін күш" атты апталық аясында футболдан 8-11 сыныптар арасында  жарыс болып өтті.Қызықты да, тартысты өткен жарыста 10-сынып командасы 1-орын, 11-сынып 2-орын, 9-сынып 3-орын иеленді. Жеңімпаздарға мақтау қағаздары табыс етілді. Жарысқа дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Б.Сариев пен М.Әбутахир төрешілік жасады.
"Еңбек пен спорт- адамды қабілетті ететін күш" атты апталық
20
октябрь
2022
"Еңбек пен спорт- адамды қабілетті ететін күш" атты апталық
"Еңбек пен спорт- адамды қабілетті ететін күш" атты апталық аясында волейболдан 6-7"а"-7"б" сыныптары арасында  жарыс болып өтті. Қызықтыда, тартысты өткен жарыста ұлдар арасында 6 сынып -1орын, .7"б" сынып 2-орын, 7"а" сынып -3-орын алды. Қыздар арасында өткен жарыста 7"а" сыныбы- 1-орын, 7"б"сыныбы - 2-орын, 6-сынып қыздар командасы 3-орын иеленді. Жеңімпаздарға мақтау қағаздары табыс етілді. Жарысты дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Т.Икрамұлы өткізді.
"Еңбек пен спорт- адамды қабілетті ететін күш"  апталық
20
октябрь
2022
"Еңбек пен спорт- адамды қабілетті ететін күш" апталық
"N155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі" КММ -нде оқу ісі жөніндегі орынбасар А.Дінбаеваның ұйымдастыруымен дене шынықтыру мен көркем еңбек пәні бойынша"Еңбек пен спорт- адамды қабілетті ететін күш"  апталық  аясында пән мұғалімі Ә.Ахметовтің 2"а",2"б",3,4- сыныптары арасында "Көңілді эстафета" атты жарысы болып өтті.Эстафетаның бірнеше түрінен сайыс өткізілді.Қызықты да, тартысты өткен эстафеталық жарыста   4-сынып І орын,2"б"- ІІ орын,2"а"-ІІІ орын иеленді. Жеңімпаздарға мақтау қағаздары