20
октябрь
2022
Бала құқығы назардан тыс қалмайды.
Бала құқығы назардан тыс қалмайды.
Шиелі ауданы бойынша білім беру ұйымдарында "Құқық бұзушылықтың және балалар мен жасөспірімдердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін сақтау" бағытында құқық қорғау органдары өкілдері мен мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, ата-аналар комитетінің төрағалары, әкелер кеңесі өкілдерінің қатысуымен түсіндірме жұмыс жасау тобы құрылды. Шиелі ауданы әкімдігімен бектілген ақпараттық-түсіндірмелік топ №181 орта мектебінде 155, 243.181 мектептердің 9-10-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізілді.
Кездесуге келген қонақтар:
Мадиев Абай-
АПб КТІЖб аға инспекторы, полиция майоры;
Қаппаров Ынтымақ Боранбайұлы - «Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» Управления образования Кызылординской области нің кеңесшісі;
Балабек Мейірлан Балабекұлы- «Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» Управления образования Кызылординской области нің кеңесшісі;
Кездесу барысында түсіндірме тобы оқушылардың көшеде беймезгіл жүрмеуі, автокөліктерді ата- анасыз жүргізбеулеріне, сабақ уақытында ұялы телефон пайдаланбау керектігі жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жоғары сынып оқушылары арасында "Құқық пен жауапкершілік" тақырыбында еркін сұхбат ұйымдастырылып, оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып жауап алды.
Алдағы уақытта мұндай кездесулер жалғасын табады.
#shielibilim
#mobilditop