Бала құқығы және зорлық –зомбылықтың алдын алу » Қызылорда облысы Шиелі ауданы Досбол датқа ауылы №155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі КММ
Коммунальное государственное учреждение
Средняя школа №
"№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі"
Управления образования Кызылординской области
Приемная
+7(702) 408-26-45
Бухгалтерия
+7(702) 408-26-45
Версия для
слабовидящих
» » » Бала құқығы және зорлық –зомбылықтың алдын алу
26
апрель
2022

Бала құқығы және зорлық –зомбылықтың алдын алу

«№155 Д. Шыныбеков атындағы     орта   мектебінде жасөспірімдер  арасындағы  аутодеструктивті мінез құлықтың  алдын –алу жұмыстарына  байланысты бірлескен салааралық жоспарының бағыты бойынша  мектептегі кешенді  тестен анықталған оқушылардың  жағдайын  жақсарту  мақсатында  
 «Бала құқығы және зорлық –зомбылықтың алдын алу»  тақырыбында  тренинг- сабақтар өткізілді.Шиелі ауданаралық ауруханасының  психологі  Әлібатыр Мереке мен
 Шиелі аудандық ЖДО құрылымдық бөлімше маманы Қасымова  Нүргүл 8-11-сынып оқушыларына  «Бала құқығы және зорлық –зомбылықтың алдын алу»  тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Оқушылар өз пікірлерін білдіріп, сұрақтар қойды.«Ата көрген оқ  жонар, шеше көрген тон пішер»- демекші балаға отбасы тәрбиесінің әсері мол. Тәрбиеге әсер беретін өскен орта , ата-анасының тәрбиесі дұрыс болмаса,жаман әсерлер адамды азғырып , түрлі жаман мінезді жұқтырады. Мектеп психологі Г. Манабаевамен бірлесе отырып, "Кедергілерден өту", ""Армандар орындалады", "Менің бейнем" тақырыбында тренингтер ұйымдастырды. Оқушылар тренинг-сабаққа белсенді қатысты.