Аудан көлемінде ағымдағы жылдың 25 сәуір-20 мамыр күндері аралығында «Абайлаңыз- балалар» атты профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Главная мақсаты – мектеп жасындағы жасөспірімдердің қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларын алдын алу. Атап айтқанда, акция аясында жергілікті полиция қызметінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлары мен жол-патрульдік полиция қызметкерлері бірлесе аудан көлеміндегі барлық мектептерде мектеп оқушыларының жол-көлік оқиғаларына ұшырау деректерінің алдын алу мақсатында ата-аналармен, ұстаздармен және оқушылармен арнайы дәріс сабақтарын өткізеді. Онда балаларға жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған бейнероликтер көрсетіліп, жол қозғалысы ережесін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Балалар демалыс және мереке күндері көптеген жағдайда бақылаусыз қалып жатады, яғни каникул мезгілінде балалар уақытын көшеде өткізсе, жол жиектерінде ойнайды, жолға жүгіріп шығады, өкінішке орай жол-көлік оқиғаларына қатысушы болып жатады.Естеріңізде болсын. Бала «жол ережесіне» өз ата-аналарынан және басқа да үлкендерден алған өнегесі арқылы үйренеді. Мектебімізде ауылдың учаскелік полиция инспекторы Қ. Бейсенов оқушыларға жолдағы үлгілі тәртібі арқылы және басқа да балалардың жол ережесін сақтап, әр түрлі жол апаттарынан сақ болуына өз ықпалы тигізетіні туралы түсіндірме жұмысын жүргізді.