01
сентябрь
2023
СЫҢҒЫРЛА, СЫҢҒЫРЛА АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ!
СЫҢҒЫРЛА, СЫҢҒЫРЛА АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ!


Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, мереке – Білім күнімен құттықтаймыз!
1 қыркүйек барша халықтың, әсіресе балалардың көптен күтетін мерекесі!

Салтанатты шараны мектеп басшысы А. Есім ашып, мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндер мен шәкірттерді, ұстаздар мен ата- аналарды Білім күнімен құттықтап, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі. Мектеп директоры А. Есім ЕНТ-дан ең жоғары ұпай жинап, ЕНУ студенті атанған Мадиярқызы Ақжүністің ата-анасына Жадыра Таспамбетова атындағы стипендияны табыстады. Әнұран шырқалып, көк ту көкте желбіреген салтанатты шараға аудандық ПМПК мекемесінің дефектологі Қ. Камал, ауыл әкімгершілігінің бас маманы Қ. Қалекеев және ардагер ұстаздар қатысып, білім алушылар мен ұстаздар қауымын және ата-аналарды бүгінгі мерекемен құттықтады.Сонымен қатар аудандық ішкі істер бөлімінің инспекторы М. Айбар оқушыларға жол қауіпсіздік ережелерін сақтау жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Баршаңызды бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз!

#Bilimqzo
#Bilimkzo
#Shielibilim
#Bilimbolimi
#Bilim_quni
и ещё 28