10
июнь
2019
"Ер есімі-ел есінде" атты салтанатты жиын
№155 Д. Шыныбеков атындағы орта мектебінде 2019 жылдың 8 мамыр күні 8-сынып жетекшілері Г. Абуова мен
Б. Сариевтің ұйымдастыруымен "Ер есімі-ел есінде" атты салтанатты жиын өтті. Жиынды мектеп директоры М.Бәкірова ашып, барлық оқушылар мен ұстаздарды Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады. Оқушылар соғыс туралы өлеңдер мен жыр шумақтарын мәнерлеп оқып, әндер шырқады. Бір топ оқушылар "Катюша" биін биледі. Оқушылар ауылымыздан Ұлы Отан соғысына қатысқан және қаза болған, оралмаған азаматтардың суреттерін ұстап тұрып, олар туралы мәліметтер айтып, 1 минут үнсіздікпен еске алды. Соғыс кезіндегі жауынгерлер ерлігін сахналап, көріністер көрсетті. Іс-шарадағы қойылым көпшіліктің жүрегін тебірентті.