№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебінде «Мектепке жол» акциясы өткізілді. Кәсіпкер Серікбосынов Жанболат әлеуметтік жағдайы төмен 10 балаға демеушілік жасады. Сумка және оқу құралдарын таратты. Ауылдағы «Сейітжановтар» ЖШС-і атынан 1-сыныптың 32 оқушысына сумка мен оқу құралдары тапсырылды.


