"Өнерім саған, Тәуелсіз елім!" атты іс шарасы » Қызылорда облысы Шиелі ауданы Досбол датқа ауылы №155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі КММ
Коммунальное государственное учреждение
Средняя школа №
"№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі"
Управления образования Кызылординской области
Приемная
+7(702) 408-26-45
Бухгалтерия
+7(702) 408-26-45
Версия для
слабовидящих
» » "Өнерім саған, Тәуелсіз елім!" атты іс шарасы
13
декабрь
2021

"Өнерім саған, Тәуелсіз елім!" атты іс шарасы

«№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі» КММ-інде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында "Өнерім саған, Тәуелсіз елім!" атты іс шарасы жоспарына сәйкес химия пәні мұғалімі М. Бәкірова «Білгір химик-2021» тақырыбында 8-10- сыныптар аралығында командалық сайыс  өткізді. Оқушылар химия пәнінен "Лездік сұрақтарға" жауап беруде белсенділік танытты. "Зерек болсаң, шешіп көр!" бөлімінде оқушылар химия пәніне қатысты  сұрақтарға жауап беріп, сөзжұмбақ шешті. "Химия-сараман" бөлімінде сарамандық жұмыс түрлеріне талдау жасады. Көрермендермен химия мен өмірге байланысты викториналық сұрақтар ойнатылды.Сыныптан тыс жұмыс өте қызықты өтті.
   Ұстазымызға шығармашылық табыстар  тілей отырып,  оқушыларыңыз биік белестерден көріне берсін демекпіз!