«Алтын күз» » Қызылорда облысы Шиелі ауданы Досбол датқа ауылы №155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі КММ
Коммунальное государственное учреждение
Средняя школа №
"№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі"
Управления образования Кызылординской области
Приемная
+7(702) 408-26-45
Бухгалтерия
+7(702) 408-26-45
Версия для
слабовидящих
26
октябрь
2021

«Алтын күз»

Қазіргі таңда еліміздің барлық аймақтарында «Алтын күз» тақырыбында түрлі мерекелік шаралар ұйымдастырылуда. Баршамызға белгілі, күз маусымында Жер-ананың адам баласына ұсынар мол ырыс-несібесі диқандардың таңның атысы, күннің батысы тынбай еңбек етуінің арқасында  қамбаға құйылады. Сондықтан да астық пісіп, оны шашпай-төкпей жинап алу ісі дәл осы күз айларында жүзеге асырылатындықтан, осы маусымға халқымыз «Алтын күз» деп айдар таққан. 
«№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі» КММ-інің «Жас Ұлан» балалар бірлестігінің жетекшісі А. Әбдіраманның ұйымдастыруымен «Алтын күз» шарасы ұйымдастырылып, оқушылар сайысқа түсті. Өздеріне ұнайтын жеміс-жидектер, дәнді дақылдар, көкөністер бейнеленген немесе соларға ұқсастырыла тігілген киімдер киіп, тақпақтар айтып, ас мәзірлерімен таныстырып, қойылымдар көрсетті. «Күн ханшасы» мен «Күз ханзадасы» әр сыныптан ортаға шығып, өнерлерін көрсетті. Г. Сүйрікбаева жетекшілік ететін 8-сынып оқушылары ең үздік өнер көрсетіп, бас жүлдені иеленді.