10
ноябрь
2022
Біз нашақорлыққа қарсымыз
N155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектеп КММ-сінде жас маман Сармолдаева Мадинаның ұйымдастыруымен 9 сынып оқушыларының арасында "Біз нашақорлыққа қарсымыз" атты тақырыпта көріністі флешмоб өткізілді.
Шараның мақсаты: оқушылар арасындағы нашақорлыққа қарсы күресті ұйымдастырып, дамыту.
Нашақор студенттің өмірі мен оның отбасының жағдайы туралы көріністен бастау алып, кейін спортты дәріптеуші флешмобқа ұласты. Нашақорлықтың зиянын көрсете білген бұл флешмоб-көрініс мектеп оқушылары арасында жақсы бағаланып, жақсы әсер қалдыра алғанын да жеткізді.
и ещё 2