"БАЛАУСА" ЖАЗҒЫ ТЫНЫҒУ ЛАГЕРІ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

"№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі" КММ жанындағы "Балауса" жазғы тынығу лагері 2022 жылдың 1 маусымнан бастап өз жұмысын бастады. Ашылу жиынында мектеп директоры Бәкірова Мадина Асанбекқызы балаларды 1 - маусым Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесімен құттықтап, лагерь жұмысына сәттілік тіледі.

Лагерьде әртүрлі спорттық шаралар өткізу, табиғат аясында серуендеу, қолөнер бұйымдарын жасаудан мастер кластар, ауданымыздың тарихи орындарымен де танысу жоспарланған. Демалушылардың қауіпсіздігі басты назарда болады.